Бүгін Пхенчханда қысқы Паралимпиада ойындарының алауы тұтанады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы Паралимпиада ойындарының алауы тұтанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 наурызға дейін жалғасатын қысқы Паралимпиада ойындарына қазақстандық спортшылар да қатысады.

Осымен 12-ші рет алауы тұтанғалы отырған байрақты додаға Қазақстаннан 6 спортшы қатысады. Атап өтетін болсақ, Қазақстан құрамасы сапында Қайрат Қанафин (шаңғы және биатлон), Александр Герлиц (шаңғы және биатлон), Сергей Усольцев (шаңғы және биатлон), Денис Петренко (шаңғы), Жаңыл Балтабаева (шаңғы) және Александр Колядин (шаңғы) спортшылар бар. Отандастарымыз Паралимпиада алдында Германияда, Ресейде және соңғы дайындықтарын Талғарда пысықтады.
null

Естеріңізге сала кетейік, Паралимпиада ойындары кембағал жандар арасында, яғни мүгедектер арасында өтетін халықаралық спорттық жарыс. Дәстүр бойынша басты Олимпиада ойындарынан кейін өткізіледі.

Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында тау шаңғы спорты, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, сноуборд және керлинг спорты бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар