Бүгін құтқару қызметтеріне 4 мыңнан астам қоңырау түскен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті елдегі боранға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында есеп берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі, ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында таңертеңгі 7-ден бастап барлық әуе рейстері тоқтатылды. Сағат 01.00-ден барлық бағыттар бойынша барлық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылды.

«112» пультіне  2000-ға жуық қоңырау келіп түсті, олардың көбі ақпараттық сыңайдағы қоңыраулар. Зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысында таңертеңгі 8-30-дан бастап, барлық көлік түрлері бойынша, барлық бағыттарға жол жабылды.

Құтқару қызметіне 1180 қоңырау түскен. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Целиноград, Шортанды аудандары маңайында 100-ден астам көліктің жиналып қалғаны байқалды.

Қарағанды облысында сағат таңғы 8-ден барлық көлік түрлері бойынша, барлық бағыттарға жол жабылды. «112» нөміріне 1300-ден астам қоңырау түсті. Ұлытау, Абай, Шет аудандарында апаттық-құтқару іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, бүгін сағат 10:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты  «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасына дейін» республикалық маңыздағы автожолының учаскесінде (12-216 шақырым аралығы, Қызылорда қаласы- Қарағанды облысының шекарасы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар