Бүгін Конфедерация кубогы 2017 жарысының жеребесі тартылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Керуен» сауда орталығында Конфедерация кубогы-2017 жарысының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күш қолданылатын спорт түрлері және спорттық жекпе-жек конфедерациясының ұйымдастыруымен биыл екінші рет «Конфедерация кубогы» өтеді. Жеребе тарту рәсіміне Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысады.

Аталған жарысқа еліміздің 16 өңірінің саңлақтары спорттың 5 түрінен жарысқа түседі. Жарыстың ерекшелігі бір мезетте көрермендер бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо және таеквондо спорт түрлері бойынша сайыстарды тамашалай алады.

16 команда 4 топқа бөлініп қазан айында Ақтау, Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларында іріктеу кезеңдерін өткізеді. Сол жарыста әр спорт түрі бойынша үздік шыққан командалар желтоқсан айының 2-3 аралығында Алматы қаласында өтетін ақтық кезеңде бақтарын сынайтын болады.

Жүлде қоры 125 млн теңге. Бір спорт түрі бойынша жеңіске жеткен команда 25 млн теңгеге ие болады.

Соңғы жаңалықтар