Бүгін Қазақстанның бірқатар аймақтарында үсік жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 26 қыркүйек күні әдеттегідей еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек батыс пен оңтүстік өңірлердің кейбір аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Түнде және таң ата кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік пен шығыста және орталықта үсік жүреді деп күтілуде.

«Қазгидромет» РМК ақпараттары бойынша, Шығыс Қазақстан, облысында күндіз бірқатар аймақтарда найзағай ойнап, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз және түнде тұман түседі.

Павлодар облысында түнде және күндіз Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарында түнде және таң ата Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші үдей түсіп, секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының бірқатар аймақтарында 1-3 градус үсік жүреді.

Оңтүстік Қазақстан облысында және Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар