Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне қар жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты батыста, оңтүстік шығыста, шығыста және оңтүстікте сенбі, 18 наурыз күні көптеген аймақтарға қар жауады. Бұған қоса, кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейеді.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, Алматы облысының кейбір аймақтарына тұман түсіп, түнде Жалаңашкөл аймағында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Атырау, облыстарының кей аймақтарында тұман болады.

Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерге тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысында құмды дауыл тұруы мүмкін. Ақтөбе облысында күндіз желдің екпіні метріне 18 секундқа дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар