Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында ауа райы құбылмалы болады; жаңбыр жауып, найзағай болады; бұршақ жаууы мүмкін; кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста тұман болады. Тек республиканың батысында  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, күндіз Қостанай, Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Кызылорда Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар