Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан,  Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с-ға жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстанда, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар