Бүгін Қазақстанның басым аймағында күн жауын-шашынсыз болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қыркүйек күні Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Бұл туралы «Қазгидрометтен» хабарлады.

Тек батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде  жаңбыр сақталады. Оңтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықтың кей жерлерінде тұман күтіледі,  оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Жамбыл, Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады, жекелеген аудандарда тұман болады. Батыс Қазақстан,  күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел  15-20 м/с көтеріледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жекелеген аудандарда жел 18 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды  облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжануда.

Қарағанды облысының кей жерлерінде үсік күтіледі.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, Қарағанды,  Жамбыл, Алматы облыстарының  басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар