Бүгін қазақстандықтар түскен «Амазонкалар» фильмнің тұсаукесері өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аңызға айналған амазонкалар жайлы деректі фильм бүгін эфирге шығады. Бұл жайлы картинаның экшн-сахнасының қоюшысы, Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнгүжинов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Амазонка» фильмінің түсіруші тобы мен осы фильмді асыға күткен жұртшылыққа қуанышты хабарымыз бар. Фильм VIASAT HISTORY  арнасының эфиріне шығады. 9 қарашаға қараған түні сағат 02:00-де! 9 қараша күні сағат 10:05 және 22:25-те қайталанады. Арна бағдарламасын назарда ұстаңыздар. Бағдарламада фильм түпнұсқасындағы «EPIC WARRIOR WOMEN»-нен аударғанда «Жауынгер әйелдер» деген атаумен жүр. Бізбен жұмыс істегендердің бәріне алғыс білдіремін. Кәсіби мамандармен жұмыс істеген өте қызықты болды», - деп жазды Фейсбуктегі парақшасында Ж.Күнгүжинов.

Смитсон институтының халықаралық жобасы саналатын фильмде сақ және скиф тайпаларындағы жауынгер әйелдері жайлы баяндалады. Картина тарихи жанрда түсіріліп, қойылымдық түсірілімдер мен ғалымдардың сұхбаты негізінде құрылған.

Фильм бөлімдерінің бірі Алматы облысының Жамбыл ауданында түсірілді. 

Соңғы жаңалықтар