Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 332.68
EUR 389.40
RUB 5.60
CNY 49.85

Бүгін ҚазАқпарат агенттігінің құрылғанына - 97 жыл

Бүгін ҚазАқпарат агенттігінің құрылғанына - 97 жыл
2017 жылғы 13 тамыз 09:01 436

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін халықаралық дәрежеге ие болған Қазақстандағы алғашқы ақпараттық агенттік, Қазақстан өмірінің саяси, экономикалық, спорттық және басқа да салаларында сенімді ақпарат көзіне айналған «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің құрылғанына 97 жыл толды.

Ғасырға жуық уақыттан бері бері саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның өзге де тыныс тіршілігі туралы жедел әрі сенімді ақпарат таратып келе жатқан ҚазАқпарат ең алғаш 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды.

1925 жылы агенттік аты ҚазРОСТ болып өзгертілді. 1937 жылы ҚазТАГ деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді.1997 жылы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Президентінің №3629 Жарлығымен «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАА)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. 2002 жылы қарашаның 8-інде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды. 2008 жылы шілденің 3-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді. 2012  жылғы тамыздан 2014 жылға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамында болды. 2014 жылдың қаңтарында «ҚазАқпарат» Қазақстандағы алғашқы халықаралық ақпарат агенттігі (ХАА) мәртебесіне ие болып, өз тарихының жаңа кезеңін бастады.

Агенттіктің орталық кеңсесі Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасқан. Елдің қаржылық және мәдени орталығы Алматыда оның филиалы - тілшілер қосыны бар. ҚазАқпаратта өзге отандық ақпараттық агенттіктерде жоқ тілшілер желісі бар. Елдің барлық аймақтарында 15 тілшілер пункті орналасқан. Оның ішіне Байқоңыр да кіреді. Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Иордания, Бельгия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінде меншікті тілшілері бар. Сондай-ақ, ҚазАқпарат шетелдік ИТАР-ТАСС, КАБАР, БелТА, УкрИнформ, «НОВОСТИ - МОЛДОВА» ақпараттық агенттігі, MOLDPRES, Armenpress, АzәrTAc, Yonhap, EFE, БТА және т.б. агенттіктермен серіктестік орнатқан. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды on-line режимде жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, ҚазАқпарат - кириллицаны оқи алмайтын шетелде тұратын қандастарымыз үшін  латын (2004) және төте жазуда (2009) хабар таратқан алғашқы қазақстандық БАҚ. Одан бөлек, агенттік қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде хабар таратады.

Бүгінгі таңда ҚазАқпарат әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді. Facebook, Мой мир, ВКонтакте, Twitter, Instagram әлеуметтік желілеріндегі арналар мен парақшаларына жазылушылардың жиынтық саны 80 000 адамнан асып түседі. www.inform.kz порталын пайдаланушылардың географиясы 229 елді қамтиды.

Басты сөздер: БАҚ, «КАЗМЕДИА»,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер