Бүгін - Қазақ футболының күні

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің барлық өңірінде Қазақстан футболының күні аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап. 

Естеріңізге салсақ, 2002 жылдың 25 сәуірі күні Швеция астанасы Стокгольмде өткен УЕФА Конгресінде Қазақстан ресми түрде Еуропа футбол қауымдастықтарының одағына қабылданды. Еліміз аталған қауымдастыққа 52-ші болып кірді. Отандық футбол тарихының жаңа кезеңі осы маңызды оқиғадан басталды.

«Біздің футболшылар Еуропа ареналарында кәрі құрлықтың мықты ұжымдарына қарсы тұрды. Бүгін Қазақстанда футбол даму жолын жалғастырып, оның өрлеуіне мемлекет пен қоғам назары зор ықпал етіп келеді. Барлық футбол жанкүйерлеріне үлкен спорттық жеңістер тілейміз! Денсаулық, бақыт және қазақстандық клубтар мен ұлттық құрама ойындарынан тамаша әсер алуларыңызға тілекшіміз!» - делінген Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Футболдан ел құрамасы 2018 жылғы сәуір айына сәйкес ФИФА рейтингінде 119-орында тұр.

Соңғы жаңалықтар