Бүгін қарапайым қазақ отбасыларын ұлықтайтын күн - Дариға Назарбаева

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы "SOS балалар ауылына" барған Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева алғыс айту күнінің терең мағынасына үңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін бəріміз өте бір қуанышты, шуақты шараның куəсі болып тұрмыз. Бүгін бір-бірімізді қуантып, алғыс айтамыз. Жалпы, өмірде алынбайтын қамал жоқ...Ешқашан кері шегінбей, мұңаймау керек. Демеу болатын сіздерде - біз, бізде - сіздер барсыздар. Жəне бір-бірімізді демеп жүрген кезде,ешқандай қиындықтан қорықпайық",-деді Дариға Назарбаева балалар ауылында тəрбие алып жатқан бүлдіршіндерді құшағына баса отырып.

"Бүгін біздің - өте ұлы, ұлттық мерекеміз. Бүгін - алғыс айту күні. Осыдан көп жылдар бұрын жер ауып келген қаншама өзге ұлт өкілдерін кең даламыздың бауырына басқан қарапайым қазақ отбасыларының ерлігін, есімін еске алатын, мəңгіге сақтайтын мереке. Ол отбасылар қазақ жерін мекен етті, бақытын тапты. Сондықтан, кезінде оларды құтқарған қазақ отбасыларына алғыс айтатын күн. Президентіміз сондықтан да осы мерекені бекітті. Мен де сіздерді осы алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын",-деді Дариға Назарбаева. 

Соңғы жаңалықтар