Бүгін елдің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел  күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Павлодар  облыстарында  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерде күшті бұрқасын болады.

Алматы облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с-ға дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23-280 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын бақыланып, желдің жылдамдығы 15-25 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе обылыстарының кей жерлерінде  бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының  кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, кей жерлерде екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.    

Соңғы жаңалықтар