Бүгін елдің басым аумағында тұман мен желдің күшеюі күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 19 сәуір күні Қазақстанның батыс және оңтүстік-шығыс  аймақтарында жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде тұман болып, екпінді жел  соғады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі.

Атап айтқанда, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланып, желдің  15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең  Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Түнде Алматы, түнде және таңертең  Қарағанды, Шығыс Қазақстан жекелеген аумақтарында тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар