Бүгін елдің 7 облысында дауыл тұрып, бұршақ жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 21 шілде күні Қазақстанның  басым аймағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, дауыл тұратыны күтілуде. Республиканың солтүстік, солтүстік-батысында  түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Ал елдің оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады, бұршақ, дауыл болуы ықтимал, түнде және таңертең тұман болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі.

Күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ пен дауыл болжанады.

Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Сондай-ақ күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар