Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде...

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА «Егемен Қазақстан» газетінің 20 қарашадағы санында жарияланған мақалаларға шолуды ұсынады.

«Егемен Қазақстанның» бүгінгі нөмірінда жарық көрген маңызды материалдардың бірі - газеттің ШҚО-дағы меншікті тілшісі Азамат Қасымның «Абыралыға баратын кім бар?» деп аталатын мақаласы. Онда автор Шығыс Қазақстандағы бұрын аудан болған Абыралы өңірінің бүгінгі жай-күйін жан-жақты сараптап, маңызды пробелмаларға тоқталған. Сонымен қатар бірінші бетте Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесуі туралы жазылған.

Газеттің «Спорт» бетінде журналист Мәдина Асылбектің Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевпен сұхбаты жарияланған. Сонымен қатар бұл бетте «Медеу» мұз айдынының коньки үйретуден тегін сабақтар және кәсіби спортшылардың спорт мектебіне барып шеберлік сабақтар өткізгені туралы материалды оқи аласыздар.

Сонымен қатар газеттің бүгінгі санында «Егеменнің» Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Ержан Байтілестің «Берекелі Baikonyr Invest» атты көлемді мақаласымен танысуға болады. Онда тек аталған форум туралы ғана емес, жалпы өңірдің дамуы туралы мәліметтер көптеп келтірілген.

«Әлем және Қазақстан» бетінен шолушы Әлисұлтан Құланбайдың «Әскери полигонға айналып барады» атты Ауғанстан туралы мақаласын, Сұңғат Әліпбайдың еуроодақтың даму сценарилерінің қандай екендігі туралы «Еуразиялық идеяның жаңа мүмкіндіктері» атты мақаласын, газет тілшісі Абай Асенкелдіұлының халық саны 300 мыңнан сәл ғана асатын Исландияның жастардың проблемасымен қалай күрескені туралы «Исландия жастардың тілін қалай тапты?» атты мақаласын оқи аласыздар.

Әдеттегідей соңғы бетте «Қазақ қашанда қазақ» жобасының кезекті шендестіруі жарияланды. Сонымен қатар газет тілшісі Майгүл Сұлтанның Димаш Құдайбергеннің Қытайда өтетін концерті туралы қызықты мақаласын оқи аласыздар. 

Соңғы жаңалықтар