Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 330.39
EUR 392.04
RUB 5.65
CNY 50.04

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде...

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде...
2017 жылғы 15 қараша 08:30 353

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқырмандар назарына «Егемен Қазақстан» газетінің 15 қарашадағы санына шолуды ұсынамыз. 

«Экономика» бетінде газеттің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Асқар Тұрапбайұлының «Азық-түлік белдеуінің берері аз емес» деген тақырыпта мақаласы жарияланды. Тілші осы азық-түлік белдеуі бағдарламасының шеңберінде Ақмола облысының бірнеше аудандарындағы жеке шаруашылықтардың бірлесіп, «Соғымға дайындық» жобасы бойынша елорда халқын соғыммен қамтамасыз ету шараларын бастап кеткенін жазады. Меншікті тілші Астанаға жылына қажетті ет және сүт өнімдері туралы мағлұмат беріп, аталмыш бағдарлама аясында қажеттілікті қанағаттандыру арта беретінін алға тартады.

Сондай-ақ, дәл осы бетке Павлодар облысындағы меншікті тілші Фарида Бықайдың «Қиярды брендке айналдырған ауыл» атты мақаласы шықты. Мақалаға облысқа жақын Павлодар ауылының тіршілігі арқау болған. Бір ғана ауылда 600-ге жуық жылыжай болса, соның 370-інде қияр өсіріледі. Қиярдың брендке айналғанын, оның 15 түрлі сортының өсірілетінін жазған тілші ауыл халқының тынымсыз еңбекқорлығын, жылыжайдан да көптеп пайда табуға болатынын көрсеткен.

Газеттің бүгінгі санында жарияланған «Бәйтерек» атты көлемді мақала марқұм белгілі қоғам қайраткері, 1992-1994 жылғы Премьер-министр Нұрлан Балғымбаевқа арналған. Авторы - «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Өтеген Оралбайұлы. Автор кейіпкермен таныстығынан бастап оның мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттері, маман ретіндегі алғырлығы мен мол тәжірибесі туралы толғап жазады. Нұрлан Балғымбаевтың қоғам білмейтін кейбір қырларын жақсы көрсетеді.

Ал, «Дидар» бетіндегі «Нью-Йорк көшесіндегі «шоумен» мақаласының авторы - «Егеменнің» тілшісі Ая Өміртай. Ол Нью-Йоркте тұратын, перей пинт өнерімен нан тауып жүрген Асхат Ақылбаев туралы оқырманға кеңінен таныстырған.

 «Егеменнің» шолушысы Сұңғат Әліпбайдың «Руханият» айдарында жарияланған «Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндіктері» атты бағаны кітап оқу мәселесіне арналған. Автор кітап оқудың «түрлі өмірді бастан кешудің мүмкіндіктері» екенін өз басынан өткерген жағдай ретінде әдемілеп өрнектеген. 

 

 

Басты сөздер: Қоғам, БАҚ,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер