Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 333.03
EUR 392.61
RUB 5.82
CNY 50.54

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде...

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде...
2017 жылғы 13 қазан 08:35 361

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА «Егемен Қазақстан» газетінің 13 қазан күнгі санында жарияланған мақалаларға шолуды ұсынады.

«Егемен Қазақстанның» бүгінгі нөмірінда жарық көрген маңызды материалдардың бірі - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі баспасөз қызметінің мәлімдемесі. Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі С.Исақовтың 2017 жылдың 11 қазанында Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазылған ақпаратқа қатысты бірқатар БАҚ-тың сауалдарына байланысты баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасаған. Онда С.Исақов таратқан ақпарат терістелген.

«Қорға қаражат жинауды тоқтатпау керек» деген тақырыппен жарық көрген тілші Қымбат Тоқтамұраттың «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жоспарлау және медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі басқарушы директоры Ерік Байжүнісовпен әңгімесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы. Басқарушы директор осы уақытқа дейін қорға қанша қаражат жиылғаны, ол қаражаттардың ары қарайғы тағдыры, жүйенің әзірге енгізілмей тұруының себептері туралы жан-жақты мағлұмат берген.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші Ғалымжан Елшібайдың мақаласы «Сегіз айда 50627 сәби дүниеге келген облыс» деп аталады. Тілші оқырмандарды облыстағы денсаулық саласының жай-жапсарына қанықтыра отырып, әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан мәселелерді қамтиды, сондай-ақ жақсы жаңалықтармен де бөліседі.

Газет тілшісі Айгүл Аханбайқызы  басылымның «Дидар» атты бетінде «Ұста» атты деректі фильмнің жарыққа шыққанын хабарлаған. Деректі фильмнің режиссері - Мірғалым Есіркепов, кейіпкері - аты аңызға айналған тұлға, этнодизайнер, ағаштан түйін түйген шебер Дәркембай Шоқпарұлы. Тілші деректі фильмнің тұсаукесері  Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өткенін баяндайды.

Егеменнің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Алмас Нүсіптің «Көк түріктің өнері төрге шыққан күн» атты мақаласы «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» атты халықаралық фестивальға арналған. Түбі бір түркі халықтарының өнерпаздарының басын қосқан фестиваль Талдықорған қаласында өткен. Тілші фестиваль жайын баяндай отырып, әр елдің музыкалық аспаптары туралы толымды мағлұмат келтірген.

«Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газетінің басшысы Дархан Қыдырәлінің «Манас: мәңгілік елдің сарыны» атты зерттеу мақаласы түбі бір түркі жұртының бағалы мұрасы саналатын, қырғыздардың мақтанышы - Манас жырындағы біздің елімізге қатысты деректерге арналады. Автор әсіресе, Түлкібас-Түркібасы атауына қатысты біраз жайттардың бетін ашқан.

 

 

Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер