Бүгін ЕАЭО Кедендік кодексі өз күшіне енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылы 11 сәуірде Кедендік кодекс туралы бекіткен Шарты өз күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық одақтың бес мемлекеті ЕАЭО Кедендік кодекс туралы Шартты ратификациялап, Еуразиялық экономикалық комиссиясына халықаралық шарттың күшіне енуіне қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды атқару туралы хабарлама жіберген еді.

Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылдың 11 сәуірінде бекіткен Кедендік кодекс туралы Шарты іске асқан сәтте Кедендік одақтың 2009 жылы 27 қарашада бекіткен Кедендік кодекс туралы Келісімі мен Одақ аясындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттеген өзге де халықаралық келісімдер өз күшін жояды.

Айта кетейік, 2017 жылдың 11 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодекс туралы Шартына қол қойылды.

ЕАЭО Кедендік Кодексі одақтың сыртқы экономикалық қызметін реттеу жүйесін цифрландыруға заңнамалық негіз қалайды. Кодекстің негізгі жаңалықтары ішінде - электронды декларацияға көшу, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының кеден органдарымен интернет арқылы байланысуы, декларацияларды тіркеуден тауарды еркін айналымға жіберуге дейінгі шешімдерді қабылдау функциясын кедендік инспекторлардан кедендік органның ақпараттық жүйесіне беру және т.б. бар.

Соңғы жаңалықтар