Бүгін бірқатар өңірде жел күшейіп, бұршақ жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 26 маусым күні Қазақстанның  барлық  аймақтарында құбылмалы күн райы сақталады. 

Кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ жекелеген өңірлерде желдің күшеюі мен бұршақ күтіледі. Республиканың оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с күшеймек.

Ақмола облысының кей аумақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының жекелеген жерлерінде найзағай мен бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында таңертең және күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік  Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай мен 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының кей жерінде жел 18 м/с дейін күшейеді.

Сондай-ақ күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар