Бүгін ауыр атлетикадан Азия чемпионаты жалауын желбіретеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ашхабадта ауыр атлетикадан Азия чемпионаты жалауын желбіретеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарықұрлық» біріншілігінде ел намысын 9 спортшы қорғайды. Оның төртеуі ер, бесеуі әйелдер арасында сынға түседі.

Атап айтар болсақ, ерлер арасында  Альберт Линдер (69 кг-ға дейін), Айдар Казов (77 кг-ға дейін), Семен Линдер (85 кг-ға дейін), Ибрагим Берсанов (105 кг-ға дейін) өнер көрсетсе, әйелдер арасында Әсел Амангелді (53 кг-ға дейін), Сәуле Садуақасова (58 кг-ға дейін), Әсем Садықова (63 кг-ға дейін), Maйра Файзуллаева (69 кг-ға дейін), Александра Аборнева (90 + кг-ға дейін) сынға түседі.

Жарысты отандық телеарналардан «Kazsport» тікелей эфирде көрсетеді.

«Kazsport» арнасындағы чемпионаттың көрсетілім кестесі:

24.04.2017

17:50  Әйелдер (53 кг)

20:50  Әйелдер (58 кг)

25.04.2017

20:55  Ерлер (69 кг)

26.04.2017

17:55  Әйелдер (69 кг)

20:55  Ерлер (77 кг)

27.04.2017

17:55 Әйелдер (75 кг)

28.04.2017

22:40  Ерлер (94 кг)

29.04.2017

13:25  Ерлер (105 кг)

16:25  Әйелдер (+90кг)

30.04.2017

13:30  Ерлер (+105 кг)

Соңғы жаңалықтар