Бүгін «Астана Балет» Нью-Йоркте өнер көрсетеді

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Бүгін Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 19-00-де (Астана уақыты бойынша 6-00-де) Ликольн орталықтың Alice Tully Hall залында «Астана Балет» театры өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Астана Балет Гала» бағдарламасына хореографиялық миниатюралар мен «Ұлы дала мұрасы» ұлтық бағдарламасының балеттерінің фрагменттері, Алтынай Мұратова қойған «Щелкунчик» балетінің па-де-десі, классикалық Divercity и A fuego lento балеттерінің фрагменттері, бельгиялық хореограф Амарантенің Love Fear Loss бір актілі балеті кіреді.

Шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына арнайы дайындаған «Заманауи қазақстандық мәдениет жаһандық өмірде» жобасының аясында өтеді.

Қазақстандық әртістердің өнер көрсететін бөліміне кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар