Бүгін Ашхабадта жабық кешендегі Азия ойындары ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласында жабық кешендегі Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған доданың ресми ашылу салтанаты 45,000 адамға арналған орталық стадионда өтеді. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп жоспарланған болатын.

Жалпы, Ашхабад қаласында жабық кешендегі Азия ойындарында Қазақстан намысын 16 спорт түрі бойынша 181 спортшы қорғайды.

Кеше, яғни 16-шы қыркүйек күні Түрікменстанның Ашхабад қаласында өтетін жабық кешендегі Азия ойындары аясында Қазақстанның жалауы көтерілді. Ту көтеру шарасына Қазақстан Республикасы Спорт комитетінің басшысы Елсияр Қанағатов бастаған құрамамыз қатысты. Түркменстан қарулы күштерінің құрметті күзетшілері туымызды көтерді. Жарыс ұйымдастырушылары естелік сыйлықтар табыс етіп, салтанатты түрде еліміздің әнұраны шырқалды.

Соңғы жаңалықтар