Бүгін алматылықтар бір тонна балмұздақ жеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін алматылықтар жыл сайынғы «БалмұзDay»  фестивалінде тонналап балмұздақ жеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Таңертеңнен басталған мерекелік шараға балалар да, ересектер де қуана қатысты.

Ұйымдастырушылардың бағалауынша, мерекелік шараны тамашалау үшін Орталық демалыс саябағына 30 мыңға жуық адам жиналды.

Фестивальге  келушілер 10-нан астам отандық өндірушінің 30 түрлі балмұздағының дәмін татты. Барлығы 1 тоннадан астам өнім желінді, дейді ұйымдастырушылар.


Сондай-ақ, тәтті өнімнен бөлек, пайдалы балмұздақтар да сөреге қойылды. «Құрамында бифидо және лактобактериялары бар биобалмұздақ көпшіліктің көңілінен шықты», - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

Фестивальге келген кішкентай балалар үшін квест және өзге де ойындар ұйымдастырылды. Балаларды Балмұздаш пен Аляска қарсы алып, «ғарышқа сапарға» аттандырды.

Қонақтар өз қызығушылықтарына қарай алаңдарды таңдап алды. Атап айтқанда, «Iсе» аймағында тәттіқұмарлар жиналса, «Maxi» аймағында ойынпаздар бас қосты. Ал «Family» аймағында алматылықтар отбасылық шығармашылық байқауларына қатысты.


Шараны Мұрат Мұтырғанов пен Ерлан Ысмайыл жүргізді.


Соңғы жаңалықтар