Будапештте «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған форум өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 23 мамырда Будапештте «Қазақстан - XXI ғасырдағы Азияның жаңа орталығы» ғылыми-практикалық конференциясы мен «Астана ЭКСПО-2017» форумы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Нұрбах Рүстемов өз сөзінде мажарлық бизнесмендерге инвестициялық ахуалды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан кешенді жұмыс туралы  егжей-тегжейлі айтып берді. 

Одан басқа, мажар аудиториясы  «Стратегия-2050», «Нұрлы жол» ҰЭЖ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Еуразиялық экономикалық одақтың басымдықтары, Қазақстанның үшінші жаңғыруының бес негізгі басымдығы және Мемлекет басшысының қазақстандық қоғамның ой-санасын жаңғырту бойынша қойған міндеттері туралы  хабардар болды. 
null

Конференцияда Мажарстан Ұлттық экономика министрлігінің, Ұлттық сауда үйінің, «Экспорт-импорт банкі» ЖАҚ-ның және Жигмонд Кирай атындағы университет басшылары сөз сөйлеп, Қазақстанның «Шығысқа қарай ашылу» сыртқы экономикалық стратегиясындағы маңызды рөлін, Қазақстан-Мажар сауда-экономикалық қарым-қатынастар келешегін, мажар кәсіпорындары үшін экспорттау мүмкіндігін, сондай-ақ «Еуразиялық суперконтинентте» Қазақстанның геосаяси маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен қатар мажарлық ғалымдар Қазақстанның қалыптасуы мен дамуында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін жоғары бағалады.   
null   

Аталған конференция аясында алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған форум өткізілді.  Елшілік ЭКСПО көрмесі бойынша виртуалды тур өткізді, ал мажарлық мердігер компания мажар ұлттық павильонын таныстырды.    

Конференция жұмысында 70 астам мажарлық компаниялар қатысты. Жалпы алғанда, жергілікті бизнес қоғамдастық  аталған конференцияға үлкен қызығушылық танытты.  

Соңғы жаңалықтар