Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -14 °С
Алматы: 0 °С
USD 319.88 EUR 394.41
RUB 5.65 CNY 50.42
Жаңалықтар

Брюссельде тұңғыш рет «Қарагөз» драмасы қойылды

2017 жылғы 8 желтоқсан 10:14 910
Бөлісіңіз:
Брюссельде  тұңғыш рет «Қарагөз» драмасы қойылды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» классикалық туындысы тұңғыш рет Брюссель сахнасында қойылда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әділбек Жақсыбеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әлеуметтік желі арқылы ілгерілетуді тапсырды Қазақстанда Өлкетануды дамытудың арнайы тұжырымдамасы әзірленеді

Республикалық академиялық неміс драма театрының ұжымы 7 желтоқсанда Шиллер мен Гётенің тілінде бельгиялық жұртшылыққа Әуезовтың драмасын қойды.

«Қазақ мәдениетінің алтын қорына кірген бұл қойылымды төрт жыл бойы дайындадық. Сахнада кейіпкерлер Мұхтар Әуезовтың өзі сипаттағандай әсерлі ойнап шықты», - деді театр режиссері Наталья Дубс.

Қойылым Германиядан келген танымал хореограф Флориан Бильбао заманауи хореографиямен көркемделе түсті.

Республикалық академиялық неміс драма театрының гастролі «Ұлы Дала театры» концерттік туры аясында өтіп жатыр. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының халықаралық мәдени жобаларының бірі саналады.

5 желтоқсанда Республикалық академиялық Неміс театры Париждегі  Варьете театрында «Қарагөзді» сахналаған болатын.

Еске салсақ, Еуропада «Ұлы Дала театры»  гастрольдік туры өтіп жатыр. Басты мақсат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Германия, Франция, Австрия, Бельгия және Ресей сахналарында ел мәдениетін таныту. 

 

 


Басты сөздер: Мәдениет, Рухани жаңғыру,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат