Британиялық турист электромобильмен Қазақстанға жасаған саяхатын аяқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық саяхатшы Крис Рэмси электромобильмен Қазақстанға жасаған ұзаққа созылған саяхатынан аяқтап, Лондонға оралды, деп жазады Хабар 24 .

Шілде айында британиялық саяхатшы электр көзінен қуат алатын көлігімен Лондоннан Астанаға ұзақ сапарға аттанды. LEAF AT-EV электромобилі Қазақстанға жетем дегенше 16 000 шақырым қашықтықты өткерген. Крис - қоршаған ортаны ластамайтын көлік құралдарын және жабайы табиғатқа байланысты тұрақты туризмді насихаттаумен айналысатын компанияның негізін қалаушы. Біздің мемлекетке келер алдында ол Австрия, Түркия, Грузия және Әзербайжан елдерін аралаған. Кристің айтуынша, Қазақстанда ол тылсым табиғат пен жайдары мінезді адамдарды көріп риза болған.  

«Жергілікті халықтың көрсеткен қонақжайлығы бізді тәнті етті. Қазақстан біз барған елдердің ішінде оқ бойы озық тұр. Елдеріңізді өте ұнатып қалдық. Мәдениеттеріңіз отбасылық құндылықтарға құрылған. Сіздерде көпбалалы және туысқандармен тығыз байланыста болу әрі үлкендерді сыйлау өте жақсы дамыған. Біз ұлттық тағамдарыңыз: қымыз, шұбат және бауырсақтардың дәмін таттық, дейді саяхатшы.

 Сапар барысында Крис Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Көкшетау және Астана қалаларында болған. Елордамызда саяхатшы ЭКСПО-2017-ге қатысып, оны түгел тамашалапты. Көлемі және мазмұнына тәнті болған ол көрмеден ерекше әсер алғанын айтады.  Крис Рэмсидің айтуынша, Қазақстанның алға ұмтылысы таң қалдырады. «Көрген-білгенімнен мұнай мен газ тәуелділігінен болашақта құтылатындығымызға көзім жетті. Бұл әрине қуантады. Қазақстан бұл мәселе бойынша әлбетте алға басып барады»,

Кристің электромобильі жаңа емес. Бірақ бұл жайт ұзақ қашықтықтарды өткеруге кедергі болмады. Қазақстандық тарап көлігін қуаттандыруға қажет барлық жабдықтармен қамтамасыз етіп отырған. Ол елдің әсем жерлерін тамашалап, жаңа достар тапқанына қуанышты. 

Соңғы жаңалықтар