Британияда әйел ызалы шағалалардан қорқып, үйінен үш күн бойы шыға алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Брайтон-энд-Хов қаласының тұрғыны шағалалардың шабуылдауынан қорқып, үш күн бойы үйінен шыға алмаған.

Аулада кір жайып жатқан Барбара Коксқа (Barbara Cox) екі құс шабуылдаған. Шағаланың бірі зардап шегушінің аяғына жармасқан. Қорыққан әйел үйіне қашып кіріп, полицияға қоңырау шалған. Шағалалардың шабуылдағанын, оларды ұстауын өтінген, алайда полицейлер бұған ақша бөлінбегенін желеу етіп келмеген, деп хабарлайды lenta.ru.

Кокс үш күннен кейін аяғын қарату үшін ауруханаға барған. Айтуынша, ол қатты қорыққандықтан үйінен шыға алмаған. Әйел құстар үйдің артына салған ұяларын қорғауға тырысқандықтан осындай әрекетке барған болуы мүмкін деп отыр. 

Соңғы жаңалықтар