Британия патшайымы әлемдегі ең қарт мемлекет басшысына айналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Зимбабве президенті Роберт Мугабе отставкаға кеткеннен соң Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета әлемдегі ең қарт мемлекет басшысына айналды.

 Британияның Daily Mail басылымының жазуынша, Зимбабвені 37 жыл басқарған 93 жастағы Мугабе сейсенбі күні президент лауазымынан кеткенін жариялағаннан кейін осы бейресми атақ Біріккен Корольдікті басқарып отырған 91 жастағы ІІ Елизаветаға өткен.

Екінші орынға Тунистің 90 жастағы президенті Беджи Қаид әс-Себси шықты, ал үшінші орында Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер әс-Сабах тұр. Оның жасы 88-де. Одан кейінгі орындарда Куба мемлекеттік кеңесінің және министрлер Кеңесінің төрағасы Рауль Кастро (86), Камерун президенті Поль Бийя (84), Ливан президенті Мишель Аун (84), Жапония императоры Акихито (83), Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз (81) келеді.

Соңғы жаңалықтар