Британдық зейнеткер мектеп кітапханасынан алған кітапты 63 жылдан соң қайтарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда тұратын зейнеткер мектеп кітаханасынан алған кітапты арада 63 жыл салып қайтарды, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, 70 жастағы кейуана үйін жинастырып жүргенде Роберт Стивенсонның 1929 жылы шыққан "Путешествие с ослом" кітабын тауып алған.

"Әйел Роберт Льюис Стивенсонның шығармасын тапсырып тұрып, мұны бұрын әкелмегендігіне кешірім сұрады»,-дейді кітапханашы Лиз Сойер.

Еске сала кетсек,  әлемде кітапхана кітабын кешіктіргендігі үшін төленген ең үлкен айыппұл 345 долларды құрайды. Бұл жағдай Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Соңғы жаңалықтар