Британдық велошабандоз «Алтын велосипед» сыйлығын иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік турдың Team Sky  командасының атынан шығатын британдық велошабандоз Крис Фрум «Алтын велосипед - 2017» сыйлығының иегері атанды.

Бұл жайлы L'Equipe басылымы жазды.

«Алтын велосипед» сыйлығы 1992 жылдан бері жыл сайын тас жол велоспортындағы маусымның үздік шабандозына француздық Velo Magazine журналымен табысталады. 32 жасар британдық бұған дейін екі мәрте, 2013 және 2015 жылдары «Алтын велосипед» сыйлығының иегері атанған.

Форум «Тур де Франстың» төрт дүркін жеңімпазы (2013, 2015, 2016, 2017). Биылғы жылдың жазында бір маусымда «Тур де Франс» пен «Вуэльте Испанияда» жеңіске жеткен ол қазіргі заман  тарихындағы бірінші велошабандоз атанды.  

Фото:© Joan Llado/AP

Соңғы жаңалықтар