Британдық сүңгуірлер суға батқан корабльден төрт тонна алтын тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық зерттеушілер  Исландия жағалауынан бортында алтын салынған жәшіктер бар Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі немістің SS Minden жүк кораблін тапты.

 Бұл  алдын ала болжам бойынша, нацистердің кемесі болуы керек, деп хабарлайды Daily Mail.

Басылымның жазуынша, корабль 1939 жылы Исландиядан 190 шақырым жерде батқан.

Кейбір деректерге қарағанда, Гитлердің өзі оны британдық флот байқап қалғаннан кейін батыруға бұйрық берген.

Алдын ала болжам бойынша, табылған алтын оңтүстікафрикалық банктерден алынған. Қазынаның нақты бағасын зерттеушілер айқындайтын болады, дегенмен ол 100 млн стерлингке жетуі ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар