Британдық спортшыны қазақстандық боксшылардың күші таңғалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық әуесқой боксшы Рамез Махмұд қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левиттің Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы жетістіктері туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлады Sports.kz.

«Сіздер бұл қазақстандық боксшыларды немен тамақтандырасыздар? Ол екеуін көрдім, - тіпті нағыз жойқын ғой! Головкин тағы бар», - деп жазды Махмұд өзінің твиттерінде.

Еске сала кетейік, Әлімханұлы 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалына шықты және ол алжирлік Ильяс Аббадимен кездеседі, ал Левит 91 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Маврикия боксшысы Кеннеди Сен-Пьеррмен сынға түседі. 

Соңғы жаңалықтар