Британдық «BBC World» Қорғас туралы деректі фильмді көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық «BBC World» телекомпаниясы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА туралы деректі фильмді көрсете бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Шығыс пен Батыс түйіскен тұс» деп аталатын  деректі фильм «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА туралы түсірілген. Онда Шығыс пен Батыс және Солтүстік -Оңтүстік бағдарларының түйіскен тұсында әлемдік деңгейдегі ірі дистрибуциялық орталық дамып келе жатқандығын атап өткен жөн. 

Фильмнің продюсері Д. Уэльс қазір Қорғаста алып құрғақ порт бой көтергенін айта келе, Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан Құрғақ порт Азия мен Еуропаға шығатын транзиттік пойыздарды өңдеуден өткізетінін көпшілікке таныстырып отыр.

Белгілі болғандай, деректі фильмді түсіру тобы Нұркент селосының жергілікті тұрғындарының тағдыры туралы қызықты материал әзірледі. Онда «Қорғас» ХШЫО-ға ерекше назар аударылған.

Айта кетйік, бұл жоба Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының бастамашылығымен жүзеге асырылуда. Негізгі инвестициялық нысандардың құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

«Фильм «ВВС Worldwide» бағдарламасы арқылы сегіз тілде беріліп, аптасына әлемнің 74 миллион көрерменін қамтитын болады. Қазақстандық телекөрермендер деректі фильмді 27 мамырда тамашалайтын болады»,-деп атап өтілген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар