Британ баспасөзі қазақстандық спортшыға қайран қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Азия чемпионатының жүлдегері, кәсіпқой боксшы 22 жастағы Фируза Шәріповаға шетелдік таблоидтардың ерекше назары ауды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шәріпова Қазақстанның ең тартымды спортшысы атанды. Спортшы өзінің әлеуметтік парақшасына мұндай ерекше көңілдің спорттық мансапқа кедергі келтірмейтінін айтты, деп жазды британдық «Sun» газеті.

 

«Бәріне рақмет. Өз келбетіммен ғана емес, жетістіктеріммен де сіздерді қуантуға тырысамын», - деп жазды спортшы қыз.

Фируза Шәріпова қазақстандық боксшы, Денис Рыбаковтың әйелі. Ол велоспортпен және су полосымен де айналысады. Көпшілік оқырман Фирузаның кәсіби модель бола алатынын жазуда.

 

Шәріпованың Тараз тумасы екені белгілі. Оның қоржынында үш кәсіби ринг кездесуі бар. Мәскеудегі бірінші айқаста Олимпиада-2012 вице-чемпионы, ресейлік Софья Очигавадан жеңілді, кейінірек Испанияда италиялық Анжело Канецароны айқын басымдықпен жеңді, одан кейін Алматыда серб қызы Милена Матовичті жеңді.

 

Биыл көктемде Фируза Шәріпова атақ үшін таласқа түседі. Спортшы қазір Мәскеуде дайындықты бастап кетті.

 

Соңғы жаңалықтар