Британ аралына «Дорис» дауылы әлек салып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Брайтонда орасан зор толқындар жергілікті тұрғындардың айлақта тұрған яхталарына қауіп төндіріп тұр, деп жазады Би-би-си.

Ұлыбританияда «Дорис» дауылы басталды. Лондонның «Хитроу» әуежайында 77 рейс тоқтатылды, ал метеорологтар елдегі кей аудандарды су басуы мүмкін деп ескертуде.

Метеорологтардың болжауынша, дауылмен бірге қар келеді - Шотландияның кей бөліктеріне 10-15 см-ге дейін қар жауады.

Дауыл алдында Англия мен Ирландия арасындағы барлық рейс кейінге қалдырылды, темір жол көлігінің бірқатар бағыттарына жылдамдық жөнінде шектеулер енгізілді.

Сонымен бірге, толассыз жауған қардан ірі трассаларда кептелістер пайда болғаны анықталды. 

Соңғы жаңалықтар