Brexit-ке наразы 50 мың адам Лондон орталығына жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына қарсы жаппай наразылықтар басталды. Бұл туралы ТАСС PressAssociation агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Науқанды ұйымдастырушылардың айтуынша, Лондон орталығындағы Уайтхолл көшесінің бойындағы қарсылық ереуіліне кемі 50 мың адам қатысқан.

Шерушілер «Бірігіңдер, ойларыңды өзгертіңдер, Brexit-тен бас тартыңдар» деп ұрандаған.

«Менің ашуым азапқа, ызам үмітсіздікке айналды. Бірақ, Brexit бойынша келіссөздер басталғалы масқара сезімді бастан кешіп жүрмін. Еліміздің көшбасшылары үшін, Ұлыбритания үшін арланамын», - деді ереуіл қатысушылары алдында сөз сөйлеген энергетика және климаттық өзгеріс істері бойынша бұрынғы министр, Парламенттік алаңдағы митингке қатысуды жоспарлап жүрген Эд Дэйви.

Оған ирландық The Boomtown Rats рок-тобының көшбасшысы, саяси белсенді Боб Гелдоф сынды өзге де танымал Brexit қарсыластары қосылды.

Демонстрация мен митинг дүйсенбі күні Қауымдастықтар палатасында өтетін Ұлыбритания аумағында «Бас тарту туралы биллем» немесе «Brexit туралы биллем» деп аталатын жалпыеуропалық заңнаманы қалдыру немесе бас тарту мәселесі бойынша дауыс беру шарасына бағытталған.

Соңғы жаңалықтар