Brent мұнайының бағасы 68 доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтеріле түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,23 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 68,07 долларға жетті.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстері 0,38 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 62,01 долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар