Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 65 доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,83 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 65,67 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) дүйсенбі күні, 19 ақпанда АҚШ-тың мемлекеттік мерекесі - ақпанның үшінші дүйсенбісінде тойланатын Президент күніне байланысты сауда-саттық жүргізілмеген.

Соңғы жаңалықтар