Brent маркалы мұнай бағасы 63,55 долларға дейін көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон шикізат биржасындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,23 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 63,55 долларға жетті.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 23 қараша, бейсенбі күні АҚШ-та жыл сайын қарашаның төртінші бейсенбісінде өтетін мемлекеттік мереке - Алғыс айту күнінің тойлануына орай сауда-саттық жүргізілмеді. 

Соңғы жаңалықтар