Брэд Питт қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд жұлдызы Брэд Питт өзінің 15 жастағы ұлы Мэддоксқа көрсеткен дөрекілігі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды.

Полиция мен прокуратурада бұл үшін жеткілікті дәлелдемелер жоқ, деп хабарлады ТАСС TMZ жаңалықтар ресурсына сілтеме жасап.

Оқиға өткен аптада жеке ұшақтың рейсі барысында орын алған болатын. Экипаж мүшелерінің бірі Лос-Анджелес Полициясы басқармасына болған жәйтты айтып берген. TMZ дереккөздерінің ақпаратынша, Мэддокс Питтің ашуын шақыратындай сөз айтқан. Актер ұлына ұмтылып, зайыбы Анджелина Джоли араларына түсіп үлгергенімен, оның иығына қолын тигізіп үлгерген.

Балаларды және отбасын қорғау жөніндегі аймақтық бөлімнің қызметкерлері жасөспірімді қарап шығып, оның денесінен соққының ізін таппаған. Онымен қоса, куәгерлер берген түсініктемелердің бір-бірінен алшақтығы сонша, полицейлер болған оқиғаның картинасын жасай алмай отыр. Және Ти-эм-зи хабарлағандай, құқық қорғау органдарына Питтің үстінен ешкім шағымданбаған.

Бұған дейін хабарланғандай, Джоли алты баласының қауіпсіздігін уайымдап, ажырасуға арыз берген болатын. Қос жұлдыз 10 жыл бойы бірге тұрып, 2014 жылдың 23 тамызында ғана заңды некелесті. 52 жастағы Брэд Питт пен 41 жастағы Анджелина Джоллидің алты баласы бар. Оны үшеуі, Мэддоксты қоса алғанда - асыранды балалар. 

Соңғы жаңалықтар