Бразилиядағы түрмеде контрабандашы кептерді ұстады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық түрмені бақылаушылар түрмедегі тұтқындардың біріне ұялы телефон апара жатқан кептерді  ұстады. Бұл туралы UPI агенттігі хабарлайды.

Бразилияның Түзеу мекемесі департаментінің мәлімдемесіне қарағанда, оқиға 10 ақпанда Франку-да-Роша қаласында орналасқан Нилтон Силва (Nilton Silva) түрмесінде орын алған.

Бақылаушылар тұтқындардың  белгісіз зат киіндірілген кептерді ұстауға әрекеттенгенін байқап қалған. Олар құсты ұстап алып тексергенде үстінен желеткені, ал оның ішіне жасырылған ұялы телефон мен батареяны тауып алды.

Соңғы жаңалықтар