Бразилия түрмесінен 470 тұтқын қашып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Сан-Паулу штатындағы Жардинополис қаласының түрмесінен тұтқындардың жаппай қашуы орын алды, деп жазады REGNUM АА.

Оқиға 29 қыркүйек күні таңертең болған. Тұтқындар ереуілге шығып, түрмедегі ағаш шеберханасын өртеген. Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 470 тұтқын түзеу мекемесі аумағынан қашып шыққан.

Штат басшылығының мәлімдеуінше, 30 қыркүйек күні кешкі уақытта 338 қашқын ұсталды, қалғандары әлі де бостандықта жүр.

Түрме камераларының шектен тыс толуы ереуілге себеп болған. 1038 тұтқынға арналған мекемеде 1860 адам өмір сүрген.

Соңғы жаңалықтар