Бразилия Қазақстанға Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу эстафетасын тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қазан күні Рио-де-Жанейрода Дүниежүзілік тау-кен конгресінің (ДТК) дәстүрлі символы «Май шамды» яғни, Конгресті өткізу құқығы эстафетасын салтанатты түрде Қазақстанға тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Салтанатты рәсімде Бразилияның Тау-кен өндіру қауымдастығының басшысы Хосе Фернандо Коура, ДТК 2016 төрағасы Жар Карлос Коппэ (Бразилия),  ДТК төрағасы Джозеф Дубински (Польша), VALE бас атқарушы директоры Мурило Феррейра, қазіргі Халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшесі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов сөз сөйледі.

«Тау-кен металлургиялық кешен Қазақстан үшін елдің экономика саласында маңызды жобалардың бірі болып табылады. Жалпы өндірістік кәсіпорын саласында ТМК  18% құрайды. Сондықтан, 2018 жылы Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу біз үшін өте маңызды оқиға болмақ. Бұл өз кезегінде елдің барлық секторына оң ықпал етері сөзсіз. Бүгінге дейін жинаған тәжірибеміз бен білімімізге сүйене отырып, 2018 жылы ДТК-ні жоғары халықаралық деңгейде өткізетінімізге сенімдімін»,-деді Қанат Баитов.

Сонымен қатар, ДТК-нің жабылу салтанатында осы күнге дейін Қазақстанда екі рет болған, Astana Mining & Metallurgy Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресіне қатысқан профессор Джозеф Дубински Қазақстан 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресін сәтті өткізетініне сенім білдірді. Бұдан бөлек, 2018 жылы Астанада өтетін Конгресс атаулы екі датаны да атап өтетін болады. Яғни, Конгресс 25-ші рет өтеді және оның құрылғанына 60 жыл толады.

Салтанатты рәсім қорытындысы бойынша,  Бразилияның Тау-кен өндіру қауымдастығының басшысы Хосе Фернандо Коура ДТК дәстүрлі символы «Май шамды» Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Саржановқа тапсырды.

Дүниежүзілік тау-кен конгресі 2016 аясында екіжақты бірқатар кездесулер өтті. Онда ДТК технологиялық мәселелері талқыланып,  жаңашылдықтар ұсынылды. Яғни, экономикалық тұрғыда компанияларды басқару, халықаралық қаржыландыру мен ынтымақтастық сияқты өзекті тақырыптар талқыға түсті. Қазақстандық делегация құрамына Қазақстанның мемлекеттік салаларының, институттардың, ТМК ірі профильді компаниялардың өкілдері және өз кезегінде ДТК 2018 операторы болып табылатын Iteca көрме компаниясының өкілдері кірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы 19-22 маусымда Астанада 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтеді. Аталған шара дәстүрлі AstanaMining & Metallurgy Халықаралық тау-кен металлургия конгресі базасы аясында ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар