Браконьер 4 млн теңге айыппұл төлейді - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  СҚО полицейлері қорықшымен бірлесіп браконьерді ұстады, ол мемлекетке жарты миллионға жуық шығын әкелді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері мен аңшылық қоғам төрағасы Жаңажол ауылы тұрғындарының бірінен терісі сыпырылған жабайы қабан тәркіледі.

 «Аңшылық қоғамда есепте тұрған Жаңажол ауылының 50 жастағы тұрғыны қабанды өлтіріп, орманға етін қалдырып, оны көршісіне алып келуді өтінген. Үйді тінту барысында 4 гильза, 12 калибрлі 3 патрон, «ИЖ-43» маркалы қару табылды.
 

Еске салсақ, таралымын көбейту үшін қабанды аулау уақытша тоқтатылған болатын, тек қыркүйектің бірінші сенбісінен 31 желтоқсан аралығында ғана аулауға рұқсат етіледі», - деді ведомство баспасөз қызметінен.

СҚО ІІД баспасөз қызметінде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы ұсынған есепке сәйкес 1 қабанды атқан шығын 200 АЕК немесе 453 800 теңгені құрайтынын нақтылады.

Соңғы жаңалықтар