Бозымбаев шаруаларға жеткізілетін дизельдік отынның бағасын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамыр айында жанар-жағар майдың бағасы өзгеруі мүмкін. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Оның айтуынша, көктемгі егістік жұмыстарына жалпы 375 мың тонна дизельдік отынды жекізу жоспарланған. Бүгінде арнайы кесте бекітілді. Оған сәйкес, наурыз айындағы жоспарда болған 148 мың тоннаның 127 мың тоннасы аймақтарға жөнелтілді. Ал сәуір айындағы 106 мың тоннадан 9,2 мың тонна дизель шаруаларға жіберіліп отыр. «Биылғы көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін дизельдік отын тоннасының бағасы 127 мың теңге. Бір литрі 105,4 теңгеден. Тасымалдау, сақтау және жеткізу шығындарын есепке алғанда дизель отынның бағасы литріне 117-126 теңгені құрап отыр. Мамыр айынан бастап бағалар өзгеруі мүмкін. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, облыс әкімдеріне бір өтініш айтқым келіп отыр, бұл мәселені қатаң бақылауға алып, тиісті шараларды қабылдау керек», - деп атап көрсетті Бозымбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Соңғы жаңалықтар