Бозымбаев Қарашығанақ дауы туралы: Мәмілеге келе бастадық

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Қарашығанақ Консорциумының акционерлері арадағы дауды шешудің жолдарын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір белсенді түрде келіссөздер жүргізудеміз. (...) Сонымен бірге, осы аптада менің орынбасарым мен Қарашығанақ акционерлерінің кезекті келіссөздер раунды басталады. Жалпы алғанда, дауды реттеудің тәсілдерін таптық, енді механизмдерін жетілдіруіміз керек. Екі тарап та келісімге келуге мүдделі, мәмілеге келе бастадық деуге болады», - деп жауап берді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына.

Ол 2018 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін бекітілген қолданыстағы меморандумның ұзартылғанын еске салды.

Бұған дейін БАҚ-та Қазақстанның Қарашығанақ кен орнынан алып мұнай-газ конденсатын өңдейтін BG Group Plc және Eni SpA компанияларының басшылығындағы консорциумға қарсы 1,6 млрд АҚШ доллары сомасына талап арыз жазғаны хабарланған еді. Қазақстан билігі мен консорциум арасында табыс үлесін есептеу бойынша дау туындаған. 2016 жылдың шілде айында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» акционерлерімен достық сипатта келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Қазақстанның арбитражға жүгінуге ниетті екендігі туралы ақпаратты теріске шығарды.

 

Соңғы жаңалықтар