Бостандыққа шыққандардың үштен бірі қайта қылмыс жасайды - Қасымов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын Қазақстан колонияларынан 10 мыңнан астам адам босатылады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Пенитециарлық пробацияға тоқталатын болсақ, оған жазаны өтеу мерзімі аяқталуына бір жыл уақыты қалған сотталғандар жатады. Мекеменің әкімшілігі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша арнайы жеке бағдарламаны құрады, нақты сотталған адаммен тиісті жұмысты бастайды, босатылуға дайындалады. Осы орайда тәрбиелік шаралар жүргізіліп, құқықтары мен міндеттемелері түсіндіріледі. Сонымен қатар туыстық және әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіру, әлеуметтік қызметтер алу қажеттілігі туралы ниеті қаралады», - деді министр

Оның айтуынша, бұл тұрғыда қамтылған мәселелердің барлығы алдын ала бекітілген тәртіпте әкімдіктерге, полицияға және пробация қызметіне хабарланады.

Осы бағытта шаралар өте маңызды екеніне тоқталған Қасымов: «Жыл сайын елімізде колониялардан 10 мыңнан астам азамат босатылады. Олардың үштен біріне жуығы бостандыққа шыққаннан кейін қайта қылмыс жасайды»,-деді.

Ведомство басшының сөзіне қарағанда, колонияларда сотталғандардың жалпы орта және кәсіби білім алулары  үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мекемелерде 53 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеуді. 47  кәсіби колледждің базасында  35 жұмыс мамандықтары бойынша оқыту жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар