Бос жерлер туралы мәліметтер халыққа қолжетімді болуы тиіс - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бос жерлер туралы мәліметтер халыққа қолжетімді болуы тиіс. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94, 95 және 96 қадамдарын орындау аясында «Ақпаратқа қол жеткіз туралы» ҚР Заңының іске асырылу барысына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таяуда бос жерлер туралы мәліметтер халыққа қаншалықты қолжетімді екендігін зерделеп көрдік. Үкіметтің азаматтарға арналған интернет-ресурсында аудандардың, қалалардың жер-кадастрлық сызбасы орналастырғандығы және оның апта сайын жаңартып отыратындығы анықталды. Бірақ, бос жерлер туралы мәліметтер көрсетілмейді», - деп атап өтті ол.

Бас прокурор орынбасарының сөзіне қарағанда, мұндай ақпарат үш күннің ішінде жазбаша сұрау салған кезде ғана беріледі.

«Бұл ретте біз де шетелдік тәжірибені қолданымыз қажет сияқты. Бұған қоса, көрші Әзербайжан жыл сайын халыққа бос жерлер туралы ақпарат беріп отырады. Беларусь та таяу уақытта бұл мәліметтерді жердің жария электронды картасына енгізуді жоспарлап отыр», - дейді Андрей Кравченко.

Соңғы жаңалықтар