Борышкерлер сот орындаушылармен алдын ала келісіп алады - Шпекбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев атқарушылық іс жүргізуді өндіру көрсеткіші төмен өңірлерді атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атқарушылық іс жүргізу саны бойынша өндіріп алудың төмен көрсеткіштері Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді. Өндіріп алушыларға 122 миллион теңге болатын 34 атқарушылық іс қағазы қайтарылған. Бұл бірінші кезекте борышкердің өндірілуі тиіс мүлкінің немесе табысының болмауымен байланысты. Тіпті борышкер мен орындаушы  алдын ала келісіп, борышкер өз мүлкін сатып немесе өзгенің атына аударып үлгеруі мүмкін», - деді Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, жекелеген жағдайларда жемқорлыққа әдейі итермелейтін сәттер болады. Бір ғана 2016 жыл сот орындаушылардың қызметіне қатысты  айыппұлды өндіріп алу туралы 6 мыңнан астам қаулы түсті. Алайда айыппұлдардың басым бөлігінің төленіп қойғаны анықталған.

«Бұл әкімшілік тәжірибе желісі бойынша тиісті бақылаудың жоқтығын және көрсетілген рәсімдерді автоматтандыру қажеттігін көрсетеді. Сот орындаушыларының заңсыз баюына көмектесетін кең таралған әдістердің бірі - мүлікке тыйым салу. Кей жағдайларда тыйым салынған мүліктің көлемі өндіріп алу сомасынан да асып кетеді», - деп атап өтті А.Шпекбаев.

Төраңаның орынбасары, мысал ретінде Ақтөбе облысында болған оқиғаны келтірді. Онда жеке сот орындаушысы «Бакишева» ЖК жалпы сомасы 28 млн теңгеден асатын барлық мүлкіне тыйым салған, бірақ өндіріп алу сомасы 263 мың теңгені ғана құраған. Жиналыста келтірілген мұндай мысалдар жетерлік. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда Әділет министрлігіне түсетін әрбір екінші арыз сот актілерінің орындалуымен байланысты. Яғни, 7378 арыздың 3798-і немесе 51,4%-ы Сот актілерін орындау бойынша департаменттің қызметіне түскен.

Ресми деректерге сәйкес, сот актілерінің нақты орындалуы 43 пайызды ғана құрайды, 298 мүлік істерінің 128-і орындалған. Қайтарылған шығын сомасы - 38%, яғни 2,8 млрд теңгенің 1 млрд-ы қайтарылған.

Соңғы жаңалықтар